Қызметтер


«Telservice LTD» ЖШС мамандары кәсіпорынның инфрақұрылымдық, телекоммуникациялық және түрлі қолданбалы жүйелердің оңтайлы бірлескен жұмысын қамтамасыз ететін шешімдерді әзірлеу мен енгізуді орындайды. Біздің компания бизнес-үдерістердің тиімділігі мен кәсіпорынның жұмыс жасауын қамтамасыз етуге бағытталған инфрақұрылым кешенін немесе түрлі элементтерін жасау бойынша әзірлеуден бастап, пайдалануға беруге дейінгі жұмыстардың тұтас ауқымын жүзеге асырады. Жобаларды басқарудың жолға қойылған тәсілдерінің арқасында компания бөлімшелері қызметін тапсырыс берушінің мүддесіне орай тығыз ықпалдастыру қамтамасыз етіледі. Біздің компания аса күрделі көпсалалы ІТ-жобаларды, сондай-ақ тапсырыс берушінің талабы бойынша арнайы тапсырмаларды жүзеге асырумен айналысады.

Телекоммуникациялық қызметтер

Разработка, создание и интеграция IT-инфраструктур:

  • Магистральды көлік желілері — DWDM, SDH
  • Мәліметтер берілісі желілері — 1/10 Gigabit Ethernet, CWDM, IP, MPLS, GPON
  • Сымсыз желілер және байланыс жүйелері — WiMax, Wi-Fi, PDH, SDH
  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Бірегейленген байланыс жүйелері: кеңселік, аумақтық бөлінген.

 

«Telservice LTD» ЖШС жүйелік интеграция саласында, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалануға негізделетін инфрақұрылымдық жобаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға маманданған.

 

Инжиниринг және жобаларды басқару

Инженерлік инфрақұрылым жасау, сондай-ақ кешенді ауқымды жобалардың техникалық және сервистік құраушысы көбінесе жобаға қатысушылар – жеткізушілердің, қосалқы мердігерлердің, орындаушылардың қалың қарасы жұмылатын аса күрделі тапсырма болып табылады. Мұндай жобалар жоғары басқарушылық және техникалық біліктілікті талап етеді. Құрылыс-монтаж, сервистік, орнату, іске қосу-реттеу жұмыстары кешенін қосқанда, кәсіби сарапшылық пен жобаларды басқаруды қамтамасыз ететін біздің компания жоғарыда аталған біліктіліктерді ұсынады. Біліктілік пен жұмыстардың жоғары сапасына ресми лицензиялар, мамандардың және жабдық өндірушілерінің сертификаттары кепілдік береді.

 

Телекоммуникациялық жабдықты жеткізу және баптау

Мәліметтерді беру жабдығы.

 

Спутниктік байланыс арналарын ұсыну (SCPC, DAMA)

Қазіргі таңда Қазақстанның 15 елдімекенінде компанияның қолданыстағы СБЖС желісі бар. Өңірлердегі спутниктік желіге қызмет көрсететін білікті инженерлерінің өзіндік штаты, сондай-ақ өзіндік Help Desk 24/7 бар.

 

Кепілді электр жабдықтауды қамтамасыз ету жүйелері

Мекеменің жауапты тұтынушыларын қалыпты жағдайда, сондай-ақ апат немесе өнеркәсіптік немесе басқа да кедергілер жағдайында сапаның нашарлауы салдарынан штаттық энергожабдықтау бұзылған жағдайда жоғары сапалы үздіксіз электр қуатын қамтамасыз ету.

 

ҚР аумағында мәліметтер берілісі қызметін ұсыну бойынша лицензия

ҚР аумағында ІР телефония қызметін ұсыну бойынша лицензия