Қызметтер


«Telservice LTD» ЖШС мамандары кәсіпорынның инфрақұрылымдық, телекоммуникациялық және түрлі қолданбалы жүйелердің оңтайлы бірлескен жұмысын қамтамасыз ететін шешімдерді әзірлеу мен енгізуді орындайды. Біздің компания бизнес-үдерістердің тиімділігі мен кәсіпорынның жұмыс жасауын қамтамасыз етуге бағытталған инфрақұрылым кешенін немесе түрлі элементтерін жасау бойынша әзірлеуден бастап, пайдалануға беруге дейінгі жұмыстардың тұтас ауқымын жүзеге асырады. Жобаларды басқарудың жолға қойылған тәсілдерінің арқасында компания бөлімшелері қызметін тапсырыс берушінің мүддесіне орай тығыз ықпалдастыру қамтамасыз етіледі. Біздің компания аса күрделі көпсалалы ІТ-жобаларды, сондай-ақ тапсырыс берушінің талабы бойынша арнайы тапсырмаларды жүзеге асырумен айналысады.

Спутниктік байланыс арналарын ұсыну

  1. Спутниктік байланыс арналарын ұсыну (SCPC, DAMA)

Сервистер:

  • Бөлінген спутниктік байланыс арналары
  • Ғаламторға қолжетімділік
  • Корпоративтік желілер

Технологиялар:

  • SCPC
  • DAMA

 

 

Спутниктік байланыс арналарын ұсыну (SCPC, DAMA)

Қазіргі таңда Қазақстанның 15 елдімекенінде компанияның қолданыстағы СБЖС желісі бар. Өңірлердегі спутниктік желіге қызмет көрсететін білікті инженерлерінің өзіндік штаты, сондай-ақ өзіндік  Help Desk 24/7 бар.

 

Сервистер. Бөлінген спутниктік байланыс арналары

img 3

Сервистер. Ғаламторға қолжетімділік

 img 2

Сервистер. Корпоративтік желілер

img 1

Технологиялар. SCPC

Артықшылықтары:

  • SCPC жүзеге асыратын әрбір жер стансасы бөлінген тұрақты сыйымдылық сегментіне; спутниктік ретрансляторға ие және ұдайы қосылысты қолдайды;
  • спутниктік байланыс арнасының қажетті өткізгіштік қабілетіне кепілдік береді;
  • жүзеге асырудағы қарапайымдылық.

Кемшіліктері:

  • трафикті желінің өткізгіш стансасының жылдамдығына қарағанда, үлкенірек жылдамдықпен беру қажет болған жағдайда ретранслятор ресурсының тораптар арасында қарқынды қайта бөліну мүмкіндігінің жоқтығы;
  • корпоративтік желіде қымбат ғарыштық сегментті пайдалану тиімділігі әдетте бір жиіліктік ресурсқа көпстансалы қолжеткізу технологиясы негізінде жұмыс жасайтын спутниктік байланыстың кез келген басқа жүйесіндегіден төмен.

 

Технологиялар. DAMA

Артықшылықтары:

  • спутниктік сыйымдылықтың үнемді пайдаланылуы
  • арна қолданушыға тек байланыс сеансын өткізу уақытына ғана бөлінеді
  • DAMA-жүйелердің көпшілігі толық байланысты желілік топологияны іске қосады.

Кемшіліктері:

  • мәлімет алмасу тек ІР орта арқылы жүреді.