Қызметтер


«Telservice LTD» ЖШС мамандары кәсіпорынның инфрақұрылымдық, телекоммуникациялық және түрлі қолданбалы жүйелердің оңтайлы бірлескен жұмысын қамтамасыз ететін шешімдерді әзірлеу мен енгізуді орындайды. Біздің компания бизнес-үдерістердің тиімділігі мен кәсіпорынның жұмыс жасауын қамтамасыз етуге бағытталған инфрақұрылым кешенін немесе түрлі элементтерін жасау бойынша әзірлеуден бастап, пайдалануға беруге дейінгі жұмыстардың тұтас ауқымын жүзеге асырады. Жобаларды басқарудың жолға қойылған тәсілдерінің арқасында компания бөлімшелері қызметін тапсырыс берушінің мүддесіне орай тығыз ықпалдастыру қамтамасыз етіледі. Біздің компания аса күрделі көпсалалы ІТ-жобаларды, сондай-ақ тапсырыс берушінің талабы бойынша арнайы тапсырмаларды жүзеге асырумен айналысады.

Базалық стансаларды орнату және телекоммуникациялық бағандар салу

Базалық стансаларды орнату және телекоммуникациялық бағандар салу

Құрылыс-монтаж жұмыстары (БС монтажы, діңгектер, мұнаралар салу):

  • Құрылысқа қажетті аумақты таңдау;
  • Жобалау-іздестіру жұмыстары;
  • Жобалау;
  • Мұнара және монополиялық ғимараттар салу;
  • Құрылыс;
  • Монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстары;
  • Жетілдіру;
  • Байланыс нысандарына регламенттік қызмет көрсету.

 

«Telservice LTD» ЖШС жүйелік интеграция саласында, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалануға негізделетін инфрақұрылымдық жобаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға маманданған.

 

Құрылыс-монтаж жұмыстары (БС монтажы, діңгектер, мұнаралар салу)

«Telservice LTD» ЖШС компаниясы қазақстандық ұялы байланыс желілерін салу нарығында 2009 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Компания құрылысқа қажетті аумақты іздеуден бастап, жобалау-іздестіру жұмыстарын, ұялы байланыс жүйелері мен радиорелелік байланыс желілерін жобалау, салу, монтаждау, шефмонтаждау, іске қосу-реттеуді қосқанда, байланыс нысанын пайдалануға беруге дейінгі желілерді салу бойынша жұмыстардың толық кешенін жүзеге асырады.

 

Орындалатын жұмыс түрлері:

  • Құрылысқа қажетті аумақты таңдау: аумақты іздеу және құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қажетті құжаттаманы рәсімдеу.
  • Жобалау-іздестіру жұмыстары: барлық қажетті жобаалды іздестірулерді жүргізу, тапсырыс берушімен келісу және позицияны жалдауға қажетті көлемде негізгі жобаалды шешімдерді қалыптастыру.
  • Жобалау: Тапсырыс берушінің шығыс мәліметтері мен жалпы техникалық талаптарға сәйкес жұмыс жобасын әзірлеу. Ұялы байланыс нысандарының құрылысына рұқсат алу үшін жергілікті өзін-өзі басқару органымен жобалық құжаттаманы келістіру.
  • Мұнара және монополиялық ғимараттар салу: ұялы байланыс желілері базалық стансаларының антенналық-фидерлік жабдықтарын орналастыру үшін мұнара және монополиялық ғимараттар құрылысы жүзеге асырылады.
  • Құрылыс: базалық стансаларды жайларға немесе контейнерлерге орнату бойынша жалпықұрылыс жұмыстары, ұялы байланыс антенналары мен РРЖ орналастыру үшін орын дайындау, электрмен жабдықтау желілерін салу.
  • Монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстары: ұялы байланыс нысандарын монтаждау, тестілеу және ықпалдастыру жоғары деңгейлі мамандардан тұратын және байланыс жабдықтарын өндіруші-фирмалардың сәйкес GSM 900/1800 сертификаттарына ие өзіндік арнайы құралдармен, бақылау-өлшеу құрылғыларымен жабдықталған өзіндік мобильді бригадалар тарапынан жүзеге асырылады.
  • Жетілдіру: технологиялық және инженерлік жабдықты ауыстыру бойынша жұмыстардың толық кешені.
  • Байланыс нысандарына регламенттік қызмет көрсету: желілерге регламенттік қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізу, апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу.

 

Құрылыс-монтаж жұмыстарына мемлекеттік лицензия